"Транс Азия Констракшн" ЖШС
Қазақстан Республикасы
120016, Қызылорда қаласы E.Көшербаев көшесі,94
Тел.: +7 (7242) 23 54 19
Факс: +7 (7242) 23 54 02
E-mail: tac@tac.kz



«Транс Азия Констракшн» ЖШС компаниясы (2005 жылғы 1 тамызға дейін «Құмкөлқұрылыс» ААҚ) өзінің қызметін 1987 жылы Құмкөл кенішін игеру және оны еліміздің мұнай құбырымен тасымалдау жүйесіне қосу жұмыстарынан бастады.



Атқаратын қызметінің негізгі бағыттары – магистралды және кәсіпшілік мұнай-газ құбырларын төсеу, мұнай-газ кеніштерін жайластыру, жалпы құрылыс жұмыстары.



Қызмет атқарған жылдар ішінде компания Қызылорда облысындағы Құмкөл, Қоныс, Арысқұм, Майбұлақ, Ақшабұлақ, Ащысай, Қызылқия, Арыс кеніштерін, Маңғыстау облысындағы Комсомол, Өзен кеніштерін, Ақтөбе облысындағы Лақтыбай кенішін және т.б. кеніштерді тәжірибелік-өнеркәсіптік және өнеркәсіптік жайластыру жұмыстарын орындап келді.



«Транс Азия Констракшн» ЖШС халықаралық құрылыс жобаларының қатысушысы болып табылады, атап айтқанда олар:



  • Қазақстандық учаскедегі Азия газ құбыры, әрқайсысы 45 км құрайтын 2 тармақ, Ø1067,
  • Кеңқияқ – Құмкөл мұнай құбыры, 111 км Ø32" (813мм),
  • Орталық Азия – Орталық газ құбыры, 8,6 км Ø500Ø1420 мм,
  • Ақшабұлақ - Қызылорда газ құбыры – 61 км Ø325 мм,
  • Атасу-Алашанькоу мұнай құбыры, 60 км Ø32" (813мм) және басқалар.



Сондай-ақ компания сутартқыштар, қабат қысымын қалыпта ұстау құбырларын, жылу трассаларын салып, технологиялық құбырлар мен жабдықтарды монтаждау жұмыстарын орындайды. Монтаждалатын құбырлардың диаметрі 15 мм-ден 1420 мм-ге дейінгі өлшемді құрайды, қабырғаларының қалыңдығы 36 мм-ден басталады, құбырлардағы жұмыс қысымы 400 атм дейін. Құбырлардың желілік бөліктерін төсеу және ілеспе технологиялық жабдықтарды монтаждау жұмыстарының жалпы көлемі 70-тен 90% дейінгі аралықты құрайды.



«Транс Азия Констракшн» ЖШС салған объектілерді «Қазмұнайгаз» АҚ, «ҚазТрансГаз» АҚ, «ҚазСтройСервис МГҚК» АҚ, «Торғай-Петролеум» АҚ, «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ, «СНПС - Ай Дан Мұнай» АҚ, «Коммұнай» ЖШС, «Теңіз-Шевройл» ЖШС, «ҚуатАмлонМұнай» БК ЖШС және басқалары пайдалануда.



Бес жыл ішінде орындалған жұмыстардың көлемі 2004 жылғы 2,1 млрд. теңгеден 2009 жылы 6,2 млрд. теңгеге дейін өсті (ҚҚС қоспағанда). Қызметкерлер саны 538 адамнан 780 адамға дейін көбейді. Компанияда ISO 9001, ISO 14001, ISO 45001, ISO 50001 талаптарына сай келетін интегралданған менеджмент жүйесі тиімді қолданылып келеді.



«Транс Азия Констракшн» компаниясы талап етілген сапаны тұрақты түрде қамтамасыз ете отырып, әр түрлі климаттық, геологиялық және географиялық жағдайларда жұмыс атқарады. Құрылыс жұмыстары елді мекендерден шалғай жерлерде -40° С тан +50° С дейінгі температурада жүргізіледі. Компания құрылыс қуаттылықтары мен ілеспе инфрақұрылымды объектілер құрылысының алаңына жылдам орын ауыстыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін құрылымға ие.



«Транс Азия Констракшн» ЖШС-де жоғары білікті тәжірибелі мамандар жұмыс істейді, көпшілігінің компаниядағы еңбек өтілі он жылдан асады. Олардың қайта даярлау және біліктілігін арттыру шаралары ұдайы жүргізілуде. Өндірістік-техникалық база жоспарлы түрде жаңартылып тұрады, жыл сайын компания Жапония, АҚШ, Ресей, Германия елдерінің жетекші өндірушілерінен 10-20 бірлік арнайы техника мен автокөлік сатып алады. Бүгінгі таңда компания құбыр дәнекерлеу базасында және трассада жартылай автоматты дәнекерлеуге арналған 3 кешенді қоса алғанда, 269 бірліктен арнайы техника мен автокөліктен тұратын автопаркке иелік етеді.



«Транс Азия Констракшн» ЖШС – Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын Сапа» сыйлығын иеленуге арналған 2008 және 2009 жылдары өткен конкурстардың қатысушысы. Компанияның еншісінде Алтын сапа сертификаты, «Ұлттық экономиканың көшбасшысы» Құрмет белгісі, «Хрусталь пи¬рамида» қазақстандық құрылыс сыйлығы, «Қазақстанның үздік салық төлемгері-2007» атағы және көптеген басқа наградалар бар.



2011 жылғы 15 желтоқсан күні "Транс Азия Констракшн" ЖШС бас директоры Атаниязов Сүлеймен Қошниязұлы 60 жасқа толды. Мекеме ұжымы Сүлеймен Қошниязұлын айтулы мерейтойымен шын жүректен құттықтап, мықты денсаулық, шығармашылыққа толы ұзақ өмір, зор табыс және баянды бақыт тіледі!!! .....»»»

15 желтоқсан, 2011ж. Нартай Бекежанов атындағы облыстық музыкалық-драма театрында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған салтанатты кеш болып өтті. .....»»»

Қараша, 2011ж. «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәліз құрылысында «Транс Азия Констракшн» ЖШС тапсырылған жұмыстарды мерзімінде орындап шықты: Оңтүстік-Батыс автомобиль жолдарын дамыту жобасы 1917-1947км және 1885-1995км учаскелердегі дайындық жұмыстары және бойынша ұзындығы 16 км, ені 35 м топырақ төсемін жайластыру. .....»»»

Қараша, 2011ж. "Транс Азия Констракшн" ЖШС «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ-ның №983 «Қызылқия кенішінің оңтүстік-шығыс бөлігіне бірінші кезектегі ТҚС бар ұзындығы 28,4 км болатын 6 кВ электр тарату тораптарын салу» жобасының құрылыс жұмыстарын аяқтады. .....»»»

21 желтоқсан, 2010 ж. «Транс Азия Констракшн» ЖШС Қызылорда облысындағы үздік компаниялардың қатарында Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын Сапа-2010» жүлдесін иелену конкурсына қатысты. .....»»»

23-24 маусым, 2010 ж. «Транс Азия Констракшн» ЖШС мұнай және газ өнеркәсібіндегі құрылыс, құрылыс-монтаж жұмыстары кезіндегі кәсіптік денсаулық және қауіпсіздік менеджменті жүйесінің ҚР СТ OHSAS 18001-2008/OHSAS 18001:2007 талаптарына сәйкестігін растауға арналған аудитті табысты жүргізді. .....»»»

Қаңтар, 2010 ж. Компания «Торғай-Петролеум» АҚ келісімшарт аумағындағы аралық өнім құбырларын тарту бойынша жылдық жұмыс жоспарын аяқтады. Барлығы 77 ұңғымадан 76,116 км құбыр желісі тартылды. .....»»»

2009 жылғы 22 желтоқсанда А. Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде «Жүрек жылуы» атты акция өткізілді. .....»»»

Желтоқсан, 2009 ж. Еуропа ректорлар клубының академиялық Кеңесі, Еуропа бизнес-Ассамблеясының (ЕБА, Ұлыбритания) Президиумы және Британдық іскерлік Альянсы "Транс Азия Констракшн" ЖШС-не абырой-құрмет, қажыр-қайрат көрсеткені үшін берілетін ең беделді еуропалық наградалардың бірі – Королева Виктория атындағы айрықша британ наградасын табыс етті және «ҮЗДІК КӘСІПОРЫН» атағына лайық деп тапты. .....»»»

TRANS ASIA CONSTRUCTION
© 2003 - 2020