"Транс Азия Констракшн" ЖШС
Қазақстан Республикасы
120016, Қызылорда қаласы E.Көшербаев көшесі,94
Тел.: +7 (7242) 23 51 84
+7 (7242) 23 54 19
Факс: +7 (7242) 23 54 02
E-mail: tac@tac.kz



Жаңалықтар мұрағаты ......».».»

2013 жылғы сәуір. "Транс Азия Констракшн" ЖШС Сарыбұлақ-Майқапшағай магистральді газ құбырының құрылысын аяқтап, пайдалануға берді.


Бұл газ құбырының бойымен Сарыбұлақ (Шығыс Қазақстан облысы) кенішінен өндірілетін газ ҚР Майқапшағай шекара бекеті арқылы ҚХР-дағы Зимунай қаласына дейін тасымалданады. Газ құбырының жобалық өткізу қуаттылығы жылына 500 млн. текше метрді құрайды. Көгілдір отын басымдық жағдайларда Қазақстанның ішкі қажеттіліктеріне де жеткізілетін болады. Мамандардың бағалауы бойынша, Сарыбұлақ кенішінің газы 97 % метаннан тұратын табиғи газ болып табылады.

2013 жылғы сәуір. «Транс Азия Констракшн» ЖШС Қазақстан-Қытай магистральді газ құбырының «С» тармағының 448 км-508 км учаскесіндегі құрылыс жұмыстарына кірісті.


Газ құбырының («С» тармағының) желілік бөлігін іске қосу 2014 жылғы 1 шілдеге дейін жоспарланып отыр, газ құбырының құрылысын аяқтау және 8 компрессор стансасын іске қосу жұмыстары 2016 жылдың екінші тоқсанының соңына дейін межеленуде. Газ құбырының қазақстандық маршруты Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарының аумағы арқылы Қазақстан мен ҚХР шекарасындағы Хоргос елді мекеніне дейін өтеді.

2013 жылғы 7 наурыз. Халықаралық әйелдер күнінің құрметіне орай Ақордада мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Көктем шуағы» Қазақстан әйелдер қауымдастығының өкілдерімен дәстүрлі кездесуі өтті.


Іс-шараға әртүрлі кәсіптерді атқаратын нәзік жандылар шақырылды, солардың ішінде «Транс Азия Констракшн» ЖШС 6-разрядты дәнекерлеушісі 25 жасар Ғазиза Рысқұлова болды. Бүгінгі таңда ол «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбырының құрылысында еңбек етеді, диаметрі 1067 мм-ді болат құбырларды дәнекерлейді. - Дәл осы мамандықты таңдағаныма еш өкінген емеспін, - дейді Ғазиза Рысқұлова. – Өзіме ұнайды. Жалақым да жақсы. Менің ойымша, әр адам қолынан келетін іспен айналысуы керек. Өз кәсібімді мақтан тұтамын! Менің еңбегім еліме және халқыма пайда әкеледі!

2012 жылғы 19 шілде. «Транс Азия Констракшн» ЖШС дәнекерлеушілері Бейнеу-Бозой-Шымкент газ құбырындағы өздерінің алғашқы құбыр жіктерін дәнекерледі. Компанияға 882,6 км-954,85 км аралығындағы ұзындығы 72,25 км болатын учаске тапсырылды. Сондай-ақ жұмыс көлеміне шығыран торабының құрылыс-монтаж жұмыстары, тазарту құрылғысын іске қосу және қабылдау камералары кіреді.


Газ құбыры Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарының аумағымен өтеді және Қазақстанның оңтүстік өңірлерін еліміздің батысындағы кен орындарынан өндірілетін табиғи газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Газ құбырының техникалық параметрлері: Газ құбырының ұзындығы – 1475 км; Газ құбырының өткізу қабілеті – бірінші кезеңде жылына 5 млрд. м3, кейіннен жылына 10 млрд. м3 дейін жеткізіледі; Құбырдағы жобалық қысым: «Бейнеу-Бозой» учаскесінде - 7,35 МПа, «Бозой-Шымкент» учаскесінде – 9,81 МПа; Төселетін құбырлардың диаметрі – 1067 мм; ҚҰбыр қабырғаларының қалыңдығы – 11,9/15,9 мм.

2012 жылғы 26-27 сәуір. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Астана қаласында дүниежүзілік «Еңбекті қорғау» күніне орайластырылған «КIOSH-2012» еңбекті қорғау бойынша 2-ші қазақстандық халықаралық конференция мен көрме ұйымдастырды.


Конференция аясында жұмыс берушілер арасында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша жыл сайынғы «Сенім» конкурсы өткізілді. «Транс Азия Констракшн» ЖШС бас директоры Атаниязов Сүлеймен Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы С.Ғ. Бисақаевтың алғыс хатымен марапатталды.

2011 жылғы 15 желтоқсан күні "Транс Азия Констракшн" ЖШС бас директоры Атаниязов Сүлеймен Қошниязұлы 60 жасқа толды. Мекеме ұжымы Сүлеймен Қошниязұлын айтулы мерейтойымен шын жүректен құттықтап, мықты денсаулық, шығармашылыққа толы ұзақ өмір, зор табыс және баянды бақыт тіледі!!!


Көп жылғы жемісті еңбегі және тұтас алғанда Қызылорда облысы мен Қазақстанның құрылыс саласын дамытуға қосқан зор үлесі үшін және мерейтой құрметіне орай Қазақстанның құрылысшылар ассоциациясы Атаниязов Сүлеймен Қошниязұлына «Қазақстанның құрметті құрылысшысы» атағын берді.

15 желтоқсан, 2011ж. Нартай Бекежанов атындағы облыстық музыкалық-драма театрында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған салтанатты кеш болып өтті.

Мемлекеттің қалыптасуына қазылордалықтар да белсенділік танытып, өз үлестерін қосты. Бас директор Атаниязов Сүлеймен Қошниязұлы «Ерен еңбегі үшін» медалімен және «Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалімен наградталды. Сондай-ақ, «Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл» медаліне бас директордың бірінше орынбасары Нұрбетов Асылхан ие болды.

Қараша, 2011ж. «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәліз құрылысында

«Транс Азия Констракшн» ЖШС тапсырылған жұмыстарды мерзімінде орындап шықты: Оңтүстік-Батыс автомобиль жолдарын дамыту жобасы 1917-1947км және 1885-1995км учаскелердегі дайындық жұмыстары және бойынша ұзындығы 16 км, ені 35 м топырақ төсемін жайластыру.

Қараша, 2011ж. "Транс Азия Констракшн" ЖШС «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ-ның №983

«Қызылқия кенішінің оңтүстік-шығыс бөлігіне бірінші кезектегі ТҚС бар ұзындығы 28,4 км болатын 6 кВ электр тарату тораптарын салу» жобасының құрылыс жұмыстарын аяқтады.

21 желтоқсан, 2010 ж. «Транс Азия Констракшн» ЖШС Қызылорда облысындағы үздік компаниялардың

қатарында Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын Сапа-2010» жүлдесін иелену конкурсына қатысты.

23-24 маусым, 2010 ж. «Транс Азия Констракшн» ЖШС мұнай және газ өнеркәсібіндегі құрылыс, құрылыс-монтаж жұмыстары кезіндегі кәсіптік денсаулық және қауіпсіздік менеджменті жүйесінің ҚР СТ OHSAS 18001-2008/OHSAS 18001:2007

талаптарына сәйкестігін растауға арналған аудитті табысты жүргізді.

Қаңтар, 2010 ж. Компания «Торғай-Петролеум» АҚ келісімшарт аумағындағы аралық өнім құбырларын тарту бойынша жылдық жұмыс жоспарын аяқтады. Барлығы 77 ұңғымадан 76,116 км құбыр желісі тартылды.

«Торғай-Петролеум» АҚ құрылған күннен бастап "Транс Азия Констракшн" ЖШС үшін стратегиялық серіктес болып табылады.
«Торғай-Петролеум» АҚ – Құмкөл кенішінің келісімшарт аумағында жұмыс атқаратын табысты мұнай кәсіпорны.

2009 жылғы 22 желтоқсанда А. Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде «Жүрек жылуы» атты акция өткізілді.

Оған мұнай компанияларының, жеке кәсіпорындар мен бизнес-құрылымдардың, облыстық және қалалық басқармалар мен ведомстволардың басшылары қатысты. Акцияның басты мақсаты – жетім балаларға және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға, мүгедектерге, жалғызбасты азаматтарға, аз қамтамасыз етілген отбастарына қайырымдылық көмек көрсету. Облыс әкімі Болатбек Қуандықов «Транс Азия Констракшн» ЖШС бас директоры Сүлейман Атаниязовқа акцияға белсене қатысқаны үшін алғыс хат тапсырды.
Өңір басшысы акцияға атсалысқандардың барлығына алғыс сезімін білдіріп, тұрмысы төмен азаматтарға жасалған көмектің бір жолғы сипат алмайтынын: өз жерлестеріне қайырымды әрі мейірімді болудың олар үшін игі дәстүрге айналғаны ләзім екендігін атап өтті.

Желтоқсан, 2009 ж. Еуропа ректорлар клубының академиялық Кеңесі, Еуропа бизнес-Ассамблеясының (ЕБА, Ұлыбритания) Президиумы және Британдық іскерлік Альянсы "Транс Азия Констракшн" ЖШС-не абырой-құрмет, қажыр-қайрат көрсеткені үшін берілетін ең беделді еуропалық наградалардың бірі – Королева Виктория атындағы айрықша британ наградасын табыс етті және «ҮЗДІК КӘСІПОРЫН» атағына лайық деп тапты.

Сондай-ақ, ЕБА сарапшылар Кеңесі мекеменің бас директоры С.Қ. Атаниязовқа «Жылдың үздік топ-менеджері» дипломын табыстады. Іс-шара Вена қаласындағы Паллавичини сарайында өтті.

Желтоқсан, 2009 ж. "Транс Азия Констракшн" ЖШС Қазақстан-Қытай газ құбырының 464-509 шақырымындағы екі тармағын тарту жұмыстарын аяқтады.

Қазақстан-Қытай магистралды газ құбыры «Түркіменстан-Өзбекстан-Қазақстан-Қытай» құбыр желісі жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады. Трансұлттық газ құбырының жалпы ұзындығы шамамен 7 500 километрді құрайды, оның ішінде қазақстандық бөлігі - 1308 км. Газ құбырының Қазақстан аумағы бойынша маршруты үш әкімшілік облыс – Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарының жерімен өтеді. 2009 жылғы 4 желтоқсанда 0-652,5 учаскедегі газ құбырын газбен толтыру жұмыстары аяқталды. газ құбырының құрылысы 2008 жылғы тамыз айында басталды. Жобалық сынамалау мерзімі – 30 жыл. Қазіргі таңда газ құбырының бірінші тармағы іске қосылды, екінші тармағының құрылысы аяқталу үстінде, бірінші компрессор стансасының (КС-4) құрылысы жүргізілуде. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен Қытай Ұлттық Мұнай-газ Корпорациясының (CNPC) жобасы іске асырылуда.

Жылу трассасы жердің бетімен тік және көлденең компенсаторлары бар темірбетон тіректердің үстімен салынады.


ЖЭО-3 – ЖЭО-1 жылу магистралі бір ғана ЖЭО-3 арқылы бүкіл қаланы орталықтандырылған жылумен қамтамасыз ету үшін салынып отыр. Бұрын Шымкент қаласындағы абоненттердің 35% ға жуығы жылуды ЖЭО-1 және ЖЭО-2 ден алатын. Бірақ осы екі ЖЭО ның техникалық ахуалына орай жылу беру міндетін сапалы түрде жүзеге асыру мүмкін болмайтын, сондықтан қаланың бұл бөлігін де қуатты ЖЭО-3 тен жылыту туралы шешім қабылданды. Сонымен бірге станса жұмысының көрсеткіштері де жақсара түседі. Айталық, 2006 жылмен салыстырғанда 2008 жылға қарай ЖЭО-3 те жылу энергиясының өндірілуі 45% ға, ал электр энергиясын өндіру 54% ға артты.

Қараша, 2009 ж. "Транс Азия Констракшн" ЖШС Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын Сапа-2009» сыйлығын иелену конкурсына екінші мәрте қатысты.

2009 жылдан бастап конкурс қазіргі заманғы менеджменттің даму үрдістері ескерілген және Еуропалық сапа сыйлығының моделімен үйлесетін жаңа модель бойынша өткізіліп келеді. Бұдан бөлек, өлшемдері өнім мен қызмет көрсету сапасы саласындағы жетістіктер үшін берілетін ТМД сыйлығына сәйкес келеді. Онда басшылықтың көшбасшылық рөлін, ұйымның сапа саласындағы саясаты мен статегиясын, тұтынушылардың өнімнің және көрсетілген қызметтің сапасына қанағаттануын сипаттайтын көрсеткіштердің мән-маңыздылығы күшейтілген. Жаңа модельдің қолданылуы ұйымда атқарылатын жұмыстардың сапалық деңгейін мейлінше егжеп-тегжеп, нақтылы бағалауға мүмкіншілік береді. Конкурсқа белсене қатысқаны үшін компанияға алғыс білдірілді.

Тамыз, 2009 ж. Қызылорда қаласының 190 жылдық мерейтойын тойлауға дайындық шеңберінде "Транс Азия Констракшн" ЖШС өз қаражатының есебінен 3-ші ірілендірілген квартал аумағына балаларға арналған ойын және спорт алаңдарын салып берді

, атап айтқанда: мини-футболға арналған алаңқай, ағаш қалқалар, сырғанақтар, әткеншектер, тербеткіштер және балалардың тынығуы мен бос уақытын өткізуге арналған басқа да жабдықтар.

Маусым, 2009 ж. "Транс Азия Констракшн" ЖШС таяу арада алғашқы мұнайды сынамалы түрде айдау жоспарланып отырған Кеңқияқ-Құмкөл мұнай құбырының өз учаскесіндегі құрылыс жұмыстарын мерзімінен бұрын бітірді.

Кеңқияқ-Құмкөл мұнай құбырының жалпы ұзындығы 793 километрді құрайды, құбырдың диаметрі - 813 миллиметр. Мұнай құбырының бастапқы кезеңдегі мұнай өткізу қабілеті - жылына 10 миллион тонна, кейіннен жылына 20 миллион тоннаға дейін кеңейту көзделген. Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы кен орындарынан келетін мұнай көлемі жобаның ресурстық базасы ретінде болжанып отыр. Осы мемлекетаралық мұнай құбырының операторы «ҚазТрансОйл» АҚ мен Қытай ұлттық мұнай-газ барлау және игеру корпорациясы (CNODC) қосылып бірлескен кәсіпорын - «Қазақстан-Қытай құбыр желісі» ЖШС болып табылады.

Наурыз, 2009 ж. "Транс Азия Констракшн" ЖШС тапсырыс беруші «СНПС Ай-ДанМұнай» АҚ үшін Приозерное алаңына Сығымдауыш сорғы стансасын орнату, Арыс кенішіндегі МДАЦ-на дейін мұнай және газ құбырын тарту жұмыстарын аяқтады.

Жұмыстар бүге-шігесіне дейін толығымен орындалды: Компания объектіні жобалау, салу, жабдықтарды сатып алу және іске қосу жұмыстарын жүзеге асырды.

Қараша, 2008 ж. "Транс Азия Констракшн" ЖШС Жамбыл облысының аумағындағы 464-509 км учаскедегі Қазақстан-Қытай газ құбырының жобасына қатысуға кірісіп кетті.

Жобаның бас мердігері «ҚазСтройСервис МГҚК» АҚ болып табылады. Қазақстан-Қытай газ құбырының екі тармағы Түркіменстандағы өндірістік қондырғылардан шығатын табиғи газды Өзбекстан мен Қазақстан арқылы Қытайға тасымалдайтын мамандандырылған жүйені құрайтын «Орталық Азия» газ құбыры жобасының бір бөлігі болып табылады.

Мамыр, 2008 ж. "Транс Азия Констракшн" ЖШС Кеңқияқ-Құмкөл мұнай құбырының 111 шақырымындағы өз учаскесінде құрылыс жұмыстарын бастады.

Мұнай құбырын тартуға тапсырыс беруші мекеме - «Қазақстан-Қытай құбыр желісі» ЖШС. Ұзындығы 761 километрлік мұнай құбыры Ақтөбе, Қызылорда және Қарағанды облыстарының аумағымен өтеді. Жобаның іске асырылуы Кеңқияқ-Атырау мұнай құбырын Құмкөл-Атасу мұнай құбырына қосып жалғауға, сондай-ақ Ақтөбе және Батыс Қазақстан өңірлерінде өндірілетін көмірсутек шикізатын осы құбырдың бойымен Қытай нарығына жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Жаңалықтар мұрағаты ......».».»

2011 жылғы 15 желтоқсан күні "Транс Азия Констракшн" ЖШС бас директоры Атаниязов Сүлеймен Қошниязұлы 60 жасқа толды. Мекеме ұжымы Сүлеймен Қошниязұлын айтулы мерейтойымен шын жүректен құттықтап, мықты денсаулық, шығармашылыққа толы ұзақ өмір, зор табыс және баянды бақыт тіледі!!! .....»»»

15 желтоқсан, 2011ж. Нартай Бекежанов атындағы облыстық музыкалық-драма театрында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған салтанатты кеш болып өтті. .....»»»

Қараша, 2011ж. «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәліз құрылысында «Транс Азия Констракшн» ЖШС тапсырылған жұмыстарды мерзімінде орындап шықты: Оңтүстік-Батыс автомобиль жолдарын дамыту жобасы 1917-1947км және 1885-1995км учаскелердегі дайындық жұмыстары және бойынша ұзындығы 16 км, ені 35 м топырақ төсемін жайластыру. .....»»»

Қараша, 2011ж. "Транс Азия Констракшн" ЖШС «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ-ның №983 «Қызылқия кенішінің оңтүстік-шығыс бөлігіне бірінші кезектегі ТҚС бар ұзындығы 28,4 км болатын 6 кВ электр тарату тораптарын салу» жобасының құрылыс жұмыстарын аяқтады. .....»»»

21 желтоқсан, 2010 ж. «Транс Азия Констракшн» ЖШС Қызылорда облысындағы үздік компаниялардың қатарында Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын Сапа-2010» жүлдесін иелену конкурсына қатысты. .....»»»

23-24 маусым, 2010 ж. «Транс Азия Констракшн» ЖШС мұнай және газ өнеркәсібіндегі құрылыс, құрылыс-монтаж жұмыстары кезіндегі кәсіптік денсаулық және қауіпсіздік менеджменті жүйесінің ҚР СТ OHSAS 18001-2008/OHSAS 18001:2007 талаптарына сәйкестігін растауға арналған аудитті табысты жүргізді. .....»»»

Қаңтар, 2010 ж. Компания «Торғай-Петролеум» АҚ келісімшарт аумағындағы аралық өнім құбырларын тарту бойынша жылдық жұмыс жоспарын аяқтады. Барлығы 77 ұңғымадан 76,116 км құбыр желісі тартылды. .....»»»

2009 жылғы 22 желтоқсанда А. Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде «Жүрек жылуы» атты акция өткізілді. .....»»»

Желтоқсан, 2009 ж. Еуропа ректорлар клубының академиялық Кеңесі, Еуропа бизнес-Ассамблеясының (ЕБА, Ұлыбритания) Президиумы және Британдық іскерлік Альянсы "Транс Азия Констракшн" ЖШС-не абырой-құрмет, қажыр-қайрат көрсеткені үшін берілетін ең беделді еуропалық наградалардың бірі – Королева Виктория атындағы айрықша британ наградасын табыс етті және «ҮЗДІК КӘСІПОРЫН» атағына лайық деп тапты. .....»»»

TRANS ASIA CONSTRUCTION
© 2003 - 2017