"Транс Азия Констракшн" ЖШС
Қазақстан Республикасы
120016, Қызылорда қаласы E.Көшербаев көшесі,94
Тел.: +7 (7242) 23 54 19
Факс: +7 (7242) 23 54 02
E-mail: tac@tac.kz



ISO 14000 сериясындағы халықаралық стандарттар кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігінің және инвестициялық тартымдылығының жалпы мойындалған өлшемдері болып табылады. Экологиялық Менеджмент Жүйесінің (ЭМЖ) ендірілуі бұл кәсіпорынның неғұрлым қауіпсіз және экологияға зиян келтірмей қызмет етуіне қарай жасалған маңызды қадам ғана емес, сондай ақ бұл оның тұрақтылықпен дамуының және нарықта көшбасшы болуын қамтамасыз етудің кепілі.

ЭМЖ ендірудің артықшылықтары:

  • Имидждің жақсаруы және нарықтағы позициялардың нығаюы, тапсырыс берушілер, клиенттер талаптарының қанағаттандырылуы.
  • Несиеге неғұрлым оңай қол жеткізу және неғұрлым арзан сақтандыру жарналары.
  • Билік орындарымен қатынастардың жақсаруы, соның ішінде табиғат қорғау заңнамасын сақтау мәселесі бойынша.
  • Клиенттермен, тапсырыс берушілермен, көршілермен, жұртшылықпен, экологиялық ұйымдармен қарым қатынастың жақсаруы – сенімнің артуы. 2006 жылдан бастап "Транс Азия Констракшн" ЖШС-де кәсіпорынның бүкіл қызметін қолданыстағы табиғат қорғау заңнамасының шеңберінде жүзеге асыруға мүмкіндік беретін экологиялық менеджмент жүйесі табысты қолданылып келеді.

2011 жылғы 15 желтоқсан күні "Транс Азия Констракшн" ЖШС бас директоры Атаниязов Сүлеймен Қошниязұлы 60 жасқа толды. Мекеме ұжымы Сүлеймен Қошниязұлын айтулы мерейтойымен шын жүректен құттықтап, мықты денсаулық, шығармашылыққа толы ұзақ өмір, зор табыс және баянды бақыт тіледі!!! .....»»»

15 желтоқсан, 2011ж. Нартай Бекежанов атындағы облыстық музыкалық-драма театрында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған салтанатты кеш болып өтті. .....»»»

Қараша, 2011ж. «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәліз құрылысында «Транс Азия Констракшн» ЖШС тапсырылған жұмыстарды мерзімінде орындап шықты: Оңтүстік-Батыс автомобиль жолдарын дамыту жобасы 1917-1947км және 1885-1995км учаскелердегі дайындық жұмыстары және бойынша ұзындығы 16 км, ені 35 м топырақ төсемін жайластыру. .....»»»

Қараша, 2011ж. "Транс Азия Констракшн" ЖШС «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ-ның №983 «Қызылқия кенішінің оңтүстік-шығыс бөлігіне бірінші кезектегі ТҚС бар ұзындығы 28,4 км болатын 6 кВ электр тарату тораптарын салу» жобасының құрылыс жұмыстарын аяқтады. .....»»»

21 желтоқсан, 2010 ж. «Транс Азия Констракшн» ЖШС Қызылорда облысындағы үздік компаниялардың қатарында Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын Сапа-2010» жүлдесін иелену конкурсына қатысты. .....»»»

23-24 маусым, 2010 ж. «Транс Азия Констракшн» ЖШС мұнай және газ өнеркәсібіндегі құрылыс, құрылыс-монтаж жұмыстары кезіндегі кәсіптік денсаулық және қауіпсіздік менеджменті жүйесінің ҚР СТ OHSAS 18001-2008/OHSAS 18001:2007 талаптарына сәйкестігін растауға арналған аудитті табысты жүргізді. .....»»»

Қаңтар, 2010 ж. Компания «Торғай-Петролеум» АҚ келісімшарт аумағындағы аралық өнім құбырларын тарту бойынша жылдық жұмыс жоспарын аяқтады. Барлығы 77 ұңғымадан 76,116 км құбыр желісі тартылды. .....»»»

2009 жылғы 22 желтоқсанда А. Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде «Жүрек жылуы» атты акция өткізілді. .....»»»

Желтоқсан, 2009 ж. Еуропа ректорлар клубының академиялық Кеңесі, Еуропа бизнес-Ассамблеясының (ЕБА, Ұлыбритания) Президиумы және Британдық іскерлік Альянсы "Транс Азия Констракшн" ЖШС-не абырой-құрмет, қажыр-қайрат көрсеткені үшін берілетін ең беделді еуропалық наградалардың бірі – Королева Виктория атындағы айрықша британ наградасын табыс етті және «ҮЗДІК КӘСІПОРЫН» атағына лайық деп тапты. .....»»»

TRANS ASIA CONSTRUCTION
© 2003 - 2020